Павлодардағы Кутузов көшесінің атауы қашан қазақшаланбақ
«Биыл Кутузов көшесін қалпына келтіру жұмыстарына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлдік. Ол көше ғана болып қалмайды. Жаңа көпір салынғаннан кейін қай жағынан кірсең де Астанаға шығатын жол болды. Өткен жылы бір ұсыныс болған еді. Есеп беру кездесуімде бұл көшеге «Астана» атауын берейік деген ұсыныс жасалды. Бірақ мұны қазіргі уақытта жан-жақты талқылаудамыз», - деді Болат Бақауов.
Сонымен қатар өңір басшысы Павлодардың ескірген көше атауларын өзгерту мәселелері де қарастырылып жатқандығын айтты.
«Өткен жылы есептік кездесуімде Евгений Азаров есімді азамат: «Қазан төңкерісіне 100 жыл болады. Ендігі уақытта Ленин көшесінің атауын өзгерту қажет шығар», деп ұсыныс енгізген еді. Бұл жұмысқа осы жылдың ішінде кірісеміз. Ал басқа көшелердің атауын біртіндеп өзгертеміз», - деді облыс әкімі.