Павлодардағы жеке оқыту орталығы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының жәрдем беруі арқылы құрылып отыр

ПАВЛОДАР. 9 қаңтар. ҚазАқпарат Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында жеке білім беру орталығын ашу мақсатында «Даму» қоры»,
None
None

«Цесна Банк» АҚ-ның бөлімшесі және қарыз алушы  жеке кәсіпкер Райхангүл Сатабаева арасында кепілдеме келісіміне қол қойылды, деп хабарлады «Даму» қорының бөлімшесінен.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша өткен жылы жеңілдік несиелендіру алған 72 жобаның ішінде бұл білім беру саласы бойынша аймақтағы екінші жоба болып табылады.

Кепілдік сомасы несие сомасының 50 пайызын құрайды - 65 млн. теңге. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 14 пайыз жылдық көрсеткішті құрайды. Мемлекет жалпы сыйақы мөлшерлемесінің жеті пайызын жабады, қалған жетеуін қарыз алушы өзі өтейді.

Балалар мен ересектер үшін құрылып жатқан орталықта жеке және жалпы оқыту кабинеттері жұмыс істейтін болады. Сыныптарды компьютерлермен және барлық қажетті оқу материалдарымен жабдықтайды, сабақтарды шетелде машықтанған оқытушылар жүргізеді.

Павлодарда «Рауан» жеке білім берушілік орталығын 2012 жылдың көктемінде ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар