Павлодардың әкімшілік соты 33 шетелдік азаматты ел аумағынан аластатты

ПАВЛОДАР. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодардың мамандандырылған әкімшілік соты 13-16 ақпан аралығында өткізілген «Мигрант» іс-шарасының қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерінен түскен 43 істі қарады, деп хабарланды мекеменің баспасөз қызметінен.
None
None

Шетел азаматтары Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған. Бұлар - елге заңсыз кіру, белгіленген уақытта елден шығудан бой тасалау, көші-қон кәртішкесінде көрсетілгендей елге келу мақсаттарына сәйкес келмеуі.  

Сот 33 шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік қамауға алу, Қазақстан аумағынан шығару үкімін шығарды, тағы екі адамға айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар