Павлодардың автобус аялдамаларында шыны павильондарды бүлдіруде күдікті бұзақылар ұсталды

ПАВЛОДАР. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Әмбебап жол-патрульдік қызметінің полицейлері Павлодардағы автобус аялдамаларында шыны павильондарды бүлдірді деген күдікпен бұзақыларды ұстады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Өткен жылы облыс орталығында орнатылған заманауи шыны құрылғылар жиі вандализмнің нысандарына айналып отырды. Полицияға бұзақылармен күресте қалалықтар көмектесуде.

Естай және 1 мамыр көшелерінің қиылысында бір топ адамдардың аялдаманы бүлдіріп жатқанын оған бей-жай қарамайтын павлодарлықтар хабарлады. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары сынған шыныны анықтады, алайда бұзақылар ол жерден кетіп үлгерді.

Шағынауданды тексеру кезінде патруль алты адамнан құрылған бір топ жастарды байқады. Есімдерін анықтау кезінде олар агрессиямен жауап берді, бірінің қолы қанға боялған еді. Жас азаматтар Павлодар ІІБ-ге жеткізілді, оқиға орнынан бармақтардың іздері және сынған шынылардан қан үлгілері алынды.

Тергеуалды тексеріс жүргізілуде, сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар