Павлодардың ескi көше атаулары өзгертiледi - Қ. Бозымбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы ескi көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлерiнiң есiмдерi берiледi. Бұл туралы Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаев ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте мәлiм еттi.
None
None

"Иә, бiзде Кутузов және өзге де ескi атаулар қалғаны рас. Бiрақ дұрыс түсiнiңiздер, бiздiң облыста түрлi ұлт өкiлдерi тұрады. Павлодарда көше атауларына қатысты мәселенi ақылмен шешу қажет. Бiрден емес, бiртiндеп жасауға тиiспiз", - дедi облыс басшысы тiлшiлердiң сауалына жауабында.

Дегенмен, оның сөзiне қарағанда, бұл жұмысқа әкiмдiк үлкен көңiл бөлген және көп ұзамай өзгерiстер орын алмақ.

"Павлодарда iрi магистральдардың атауларын өзгертуге мораторий салынған. Бiрақ келесi жылы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын тойлау кезiнде мүмкiн бiз бiрқатар көшеге соғыс батырларының есiмдерiн беремiз", - деп атап өттi әкiм.

Соңғы жаңалықтар