07:56, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Павлодардың Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күні» өтеді
ПАВЛОДАР. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында бүгін «Ашық есік күні» жарияланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қала тұрғындары орталықтың жұмысымен жақынырақ танысып, өз сауалдарына жауаптар ала алады. Орталық қызметкерлері келушілерді жұмыстарында қолданылатын техникалық жаңалықтармен және құжаттарды қабылдау жүйесімен таныстырады. Ал орталық директоры мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.