Павлодардың Ішкі істер департаменті автовокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде ақпарат алды

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының Ішкі істер департаментіне автовокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді қоңырау келіп түсті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қазанның 28-і күні сағат 22:05-те қалалық ІІД-іне Привокзальная көшесіндегі автобекетке жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді қоңырау шалынған. Қоңыраудан кейін шұғыл әрекеттер қолға алынып, автовокзал ғимаратынан 30, оның аумағынан тағы 75 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бірақ арнайы тексерістерден кейін жарылғыш зат табылмады.

Соңғы жаңалықтар