Павлодардың қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлері Қаржыгер күнін атап өтті

ПАВЛОДАР. 16 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлері бұл органның ҚР-да құрылғанының 20 жылдық мерейтойын атап өтті.
None
None

Инспекторларды кәсіби мереке - Қаржыгер күнімен облыс әкімі Ерлан Арын құттықтады, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

«Қоғамды жемқорлықтан қорғай отырып, сіздер экономиканың өсіміне айтарлықтай үлес қосып отырсыздар, бұл тұрғындардың әл-ауқатының өсіміне баламалы болып келеді. Сіздердің ұжымыңызда бюджеттік және салықтық заңнаманы жақсы білетін, шешімдерді  сауатты әрі білікті қабылдайтын мамандардың еңбек етіп жатқанына сенімдімін», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Көпжылғы қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі, қаржы саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қаржы қызметінің ардагерлері «Облыс алдындағы еңбегі үшін» белгісімен марапатталды, инспекцияның үздік қызметкерлеріне облыс әкімінің, ҚР Қаржы министрлігінің құрмет грамоталары, алғыс хаттары табысталды.

Соңғы жаңалықтар