Павлодардың қоғамдық көліктерінің қатары жаңа он автобуспен толықты

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Осы аптаның ішінде Павлодар қаласында жайлы, қала ішіне арналған жаңа он автобус қоғамдық тасымалдау жұмысына кіріседі, деп хабарлады облыстық жолаушылар тасымалы мен автокөлік жолдары басқармасында.
None
None

Автобустарды Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында жолаушылар тасымалдайтын «Нар-Транс» ЖШС компаниясының тобы сатып алды. Бір автобустың қүны - 13 млн. теңге.

Облыс орталығындағы қоғамдық көлік жыл сайын жаңартылып келеді. Былтырғы жылы «№1 автобус паркі» жеті жаңа көлік сатып алса, биылғы жылы тағы да бес автобус сатып алынды.

Соңғы жаңалықтар