07:49, 06 Наурыз 2012 | GMT +5
Павлодардың коммуналдық қызметкерлері қысқы жұмысының қорытындыларын шығарып жатыр
ПАВЛОДАР. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Көктемнің келуімен павлодарлық коммуналдық қызметкерлер жұмыстарының алдын ала қорытындыларын шығарды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

«Биылғы жылы коммуналдық кәсіпорындар сатып алынған заманауи техниканың арқасында облыс орталығын қардан тазарту жұмыстарын өз күшімен атқара алды, - деп атап өтті қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы Игорь Рыбас.
- Қаңтар айында қардың 69 мың тоннасын шығару жоспарланған еді, бірақ 90 мың тонна қар шығарылды, ақпан айында да қар нормадан асырылып жиналды. Күн сайын сыпырушы техниканы есептемегенде 85 техника бірлігі жұмыс істеді. Қаланы санитарлық тазалауға күніне 500 адам шықты. Тасқындарға жол берілмеу үшін, қар квартал ішіндегі аумақтардан шығарылды».