Павлодардың құрылыс бөлімінің шенеунігі атқарылмаған жұмыстар үшін мердігерлерге 52 миллион теңге төлеген

ПАВЛОДАР. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қала прокуратурасы Павлодардың құрылыс бөлімі жеке тұрғын үйлердің құрылысына су құбырын тарту жұмыстарына өткен мемлекеттік сатып алулар бойынша өткізген конкурстың заңдылығын тексерді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап. Тендердің жеңімпазы болып танылған «KazTrastEngineering» ЖШС-мен 2006 жылдың маусым айында 144 миллион теңгеге шарт жасалады. Жобалау-сметалық құжаттарының өзгертілуіне байланысты тағы бір конкурс өткізіліп, аталмыш ұйыммен 55,9 миллион теңге сомаға қосымша келісім-шартқа отырады. Келісім-шарттың орындалуын тексеру барысында актілер бойынша мердігерге 190 миллионға жуық теңгенің төленгені анықталып отыр. Бірақ тексеру шаралары құрылыс бөлімінің атқарылмаған жұмыстар үшін де 52 миллион теңгені негізсіз аударғанын көрсеткен. Тексеру материалдары қаржы полициясына жөнелтілді, ал Павлодардың құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты мамыр айында ҚР Қылмыстық кодексінің 307-ші бабы («Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум