Павлодардың өндірістік кәсіпорындарындағы түсімнің азаюы - «ПНХЗ» АҚ мұнай өнімдерін өндіру ауқымының төмендеп кетуінен

Ол атап өткендей, есепті кезеңде қаланың өндірістік кәсіпорындарымен 291,9 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарай нақты көлем индексі 97,9 %-ды құрады.
Павлодардың өндірістік кәсіпорындарындағы түсімнің азаюы негізінде «ПНХЗ» АҚ мұнай өнімдерін өндіру ауқымының 18,3 пайызға төмендеп кетуінен болды
Өзге кәсіпорындарда өңделмеген алюминийдің - 14,2 %-ға, болаттың - 21,5 %-ға, жіксіз құбырлар өндірісінің - 27,0 %-ға ұлғаюы аталып өтті.
Әкі атап өткендей, Ірі инвестициялық жобалар мен резервтік көлемді кәсіпорындарды енгізу өнеркәсіптің дамуына жағымды әсер етеді.
2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық - инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалада жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпорындарды жаңарту және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған 73 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Инвестициялардың жалпы көлемі 410,0 млрд. теңгені құрайды, жұмыс орындарының саны - 5953.
2011 жылы Павлодар қаласында жұмыс орындарының саны - 377, инвестиция көлемі 28,8 млрд. теңге 25 жобаны іске қосу жоспарлануда.
Жыл басынан 107 жаңа жұмыс орындарын құрумен, құны 9,6 млрд. теңге 3 инвестициялық жоба іске қосылды.
Қазірдің өзінде 3 нысан: - («Format Mach Company» ЖШС) машина жасау өндірісін жаңарту; - («Гофротара» ЖШС) қуаттылығын ұлғайтумен өндіріс жабдықтарын жаңарту; -(«Қазақстан алюминийі» АҚ) № 8 пеш желісін салу бойынша жұмысстар аяқталды. Жылдың аяғына дейін инвестиция көлемі 19,2 млрд. теңге 22 инвестициялық жоба енгізу жоспарлануда.
Сонымен қатар қала басшысы депутаттарға жұмыспен қамту бағдарламасының жүзеге асырылуы, қаланы абаттандыру мен коммуникациялардың қысқа дайындығы жайлы да баяндады.