Павлодардың педагогикалық институтында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы В. Кольевтің жүлдесі үшін ауыр атлетикадан турнир дәстүрге айналады

ПАВЛОДАР. 24 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар педагогикалық институтында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, ПМПИ-ның профессоры Виктор Кольевтің жүлдесі үшін ауыр атлетикадан алғашқы турнир өтті, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
None
None

80 спортшы секіру мен жүгіруден жарысты. Қашықтыққа секіруде 6 м 56 см көрсеткішпен Сергей Борт жеңімпаз атанды, қатарынан үш қатысушы 165 см биіктікті бағындырды.

1000 метр қашыққа жүгіруден Алексей Сорокин 2.52 көрсеткішпен бірінші келді. Қыздар арасындағы жарыста Татьяна Ячкова екі рет жеңімпаз атанды.

Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум