Павлодардың пединститутында Лев Гумилевтің 100 жылдығына арналған Санкт-Петерборлық ғылыми конгрестің қорытындылары талқыланды

ПАВЛОДАР. 18 қазан. ҚазАқпарат - «Л.Н.Гумилевтің мұрасы мен Еуразия халқының тағдырлары» халықаралық ғылыми конгресінің жұмысы туралы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері мен оқытушыларына оның қатысушысы, ЖОО ғылыми кітапханасының қызметкері Наталья Колодина баяндап берді, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
None
None

1-4 қазан аралығында Санкт-Петерборда өткен Гумилев конгресіне әлемнің көптеген елдерінен келген танымал ғалымдар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Оның бас ұйымдастырушысы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы, ұйымдастыру комитетін РФ Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко басқарды. Павлодар педагогикалық институты конгрестің ресми серіктестерінің бірі болды.

Конгресс бағдарламасына ғылыми конференциялар, «дөңгелек үстелдер», пікірталастар мен шеберлік сабақтар кірді. Оның қатысушылары ұлы орыс ойшылы, тарихшы және географ, этногенез теориясының негізін қалаушы Л.Н.Гумилевтің жұмыстарындағы Еуразия халқының ғасырлар бойғы ортақтығы, өзара байланысы және бірлігі идеясына ортақ болды.

Конгресте Л.Гумилевтің 100 жылдығына арналған жас ғалымдардың шығармашылық және ғылыми жобалары бойынша халықаралық байқаудың қорытындылары шығарылды. Жүлдегерлердің қатарында ПМПИ-ның филология факультетінің екінші курс студенті Ақмарал Кеңісханова болды.

Соңғы жаңалықтар