08:47, 19 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодардың «Тамаша жетілігі» Алтай өңірінде өткен «Зарница» әскери-дала ойындарының жеңімпазы атанды
ПАВЛОДАР. 19 қазан. ҚазАқпарат - Павлодардың №7 колледжінің «Тамаша жетілік» командасы дайындық пен патриоттықтың жоғары деңгейін көрсетіп,
«Зарница» IV Халықаралық әскери-дала ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлады білім беру басқармасының баспасөз қызметінен.
Алтай өңірінің Яровое қаласында өткен жарыстарға ресейлік Благовещенск, Камень-на-Оби, Ребрих, Славгород, Ключи қалаларындағы кәсіби лицейлердің командалары қатысты. Қазақстан намысын № 7 павлодарлық колледждің студенттері қорғады.
Дала жағдайында өткен ойынға Алтай өңірінің шекарашылары, өрт сөндірушілері мен әскерилендірілген құрылымдары қатысты.