Павлодардың жастар ҮЕҰ ақпараттық науқанды іскерлікпен өткізуді қолға алады

ПАВЛОДАР. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодардың жастар ҮЕҰ ақпараттық науқанды іскерлікпен өткізуді қолға алады.
None
None

Астана қаласында «Құқықтық медиа-орталықта» өткен тренингте алған білімдер павлодарлық «Самұрық» бірестігінің жұмысында пайдаланылатын болады, - деді семинарға қатысқан осы бірлестік кеңесінің мүшесі Жансұлу Әлназарова. - Сонымен қатар біз республиканың жастар ұйымдары ойдағыдай өткізіп жүрген ақпараттық науқандардың жақсы үлгілерін қолданатын боламыз».

Өткен аптадағы тренинг Қазақстанның барлық аймақтарынан жастарды, волонтерлық ұйымдар мен қауымдастық өкілдерінің басын қосты.

Семинардағы донорлыққа халықты тарту, балалар спорт алаңқайларын құру, волонтерлік қозғалысты дамыту жөніндегі «Өмір өзені» практикалық тапсырмасы айрықша пайдалы болды.

Ж. Әлназарованың пікірінше, жастар ҮЕҰ үшін ақпараттық науқан оларды қоғамдық өмірге тартудың тиімді тәсілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар