Павлодарlf «Үздік әлеуметтік педагог» конкурсы өтті

ПАВЛОДАР. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Үздік әлеуметтік педагог -2011» І облыстық конкурсы өтті, деп хабарлады білім басқармасынан.
None
None

Бұл конкурстың мақсаты - кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстар үшін педагогиклық идеялар іздеу болды.

Облыстың он бір мектебінің өкілдері өз «педагогикалық кредоларын» таныстырды, заңнамалық негіздер бойынша білімдерін ортаға салды және өздері әзірлеген әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық жұмыс модельдерін қорғады.

Барлық тапсырманы тамаша орындаған Павлодардағы №34-ші орта мектептің әлеуметтік педагогы Болат Айғожин конкурстың бас жүлдесін жеңіп алды. Екібастұздық Ирина Чернова мен шарбақтылық Рустам Садыров жүлделі орындарды еншіледі. Конкурс педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру жөніндегі облыстық институттың базасында өтті.

Соңғы жаңалықтар