08:46, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Павлодарлық ардагер полицейлер - сұр мергендер
ПАВЛОДАР. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 9 мамыр қарсаңында Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінде полиция қызметінің ардагерлері арасында оқ атудан жарыстар болып өтті,

деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Ең көп ұпай - 50-дің 49-ын «02» қызметінің бұрынғы операторы Лариса Стрехмет иеленді, оның қол жеткізген жетістігінен тәжірибелі қызметкерлер де аса алмады. Ерлер арасында 50-дің 46 ұпайын жинап, Серік Қазыбаев иеленді.
Жеңімпаздарға сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.
Құқық қорғау органдары зейнеткерлері арасында жарыстар өткізу жақсы дәстүрге айналған. Олар шахмат, волейбол мен жүзу сынды турнирлердің тұрақты қатысушылары.