Павлодарлық ардагерлер Жеңіс күнін жаңартылған пәтерлерде қарсы алады

ПАВЛОДАР. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодарлық Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңіс күнін жөнделген пәтерлерде қарсы алады.
None
None

Қазірдің өзінде майдангерлердің 19 пәтерінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Мамыр айы басталғанға дейін ардагерлердің тағы 54 пәтері жаңартылады.

Соғысқа қатысушылардың сегізінің жеке үйлеріне электр қазандықтары орнатылды, екеуі - орталық жылыту жүйесіне қосылды.

Бүгінде Павлодарда 277 соғыс ардагері тұрады, деп атап өтті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен.

Жеңіс күні қарсаңында олардың әрқайсысына қала әкімінің жеке құттықтаулары және мерекелік азық-түлік жиынтықтары тапсырылады, ал олардың жеке есепшоттарына материалдық көмек қаржысы аударылмақ.

9 мамыр қарсаңында Даңқ аллеясыннда Павлодар облысында өмір сүріп, осында жерленген Кеңес Одағының Батырлары - Николай Анфилович Бердниковтің, Дмитрий Капитонович Потаповтың және Иван Игнатьевич Суптельдің мүсіншелері ашылады.

Соңғы жаңалықтар