Павлодарлық ассамблея жастары студенттермен қарым-қатынас орнатуда
деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Қонақтар жастардың басын қосып отырған 40 шығармашылық ұжым жұмыс істейтін Достық үйінің қызметі туралы әңгімелеп берді. Достық үйінде «Патриот» жарыссөз клубы, әдебиет бірлестігі, хореографиялық және би студиялары, вокальдық, хор және аспаптық ұжымдар жұмыс істейді.
Ассамблеяның барлық 19 этнобірлестігінің жастары қалалық мерекелерге атсалысады, белсенділер тарихи отандарына сапар жасап қайтуға гранттар алып тұрады.
Өз қатарларын Достық үйіне шақырған қонақтар, барлық ұлттың жас өкілдеріне есіктерінің ашық екенін, үйірмелердің, секциялар мен студиялардың тегін жұмыс істейтінін жеткізді.
Жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық -Ассамблея жастарының қызмет бағыттарының бірі. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде олардың қолдауымен оқу орнының кіші ассамблеясы құрылған, бұл ассамблея білім алушы жастар арасындағы ұлтаралық келісімді, достық пен толеранттылықты нығайтуға көмектеседі.