Павлодарлық ауыл азаматы ресейлік қоғамдық бірлестіктерінің бірінің директорын зорлықпен ұстап отырып, одан 200 мың доллар талап еткен

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Шекаралық ынтымақтастық аясында Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің Барнауыл қалалық ІІББ-нан Павлодар облысының Қашыр ауданында Бийск қаласының тұрғыны, 40 жастағы азаматтың заңсыз қамауда ұсталып отырғаны жайлы ақпарат келіп түсті.
None
None

Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз орталығы хабарлап отыр.

Павлодар облыстық ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесі мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлесе атқарған жедел-іздестіру шаралары барысында 6 мамырға қараған түні Қашыр ауданының Тереңкөл ауылындағы шаруа қожалығы аумағында ресейлік азаматты заңсыз қамауда ұстап отырған 50 жастағы осы ауылдың тұрғынын қолға түсіруге мүмкіндік туды.

Оқиға орнын тексеру кезінде полицияда тіркелмеген 5 оғы бар 12 калибрлі аңшы мылтығы табылды. Басқа бөлмеде зардап шеккен азаматқа тиесілі құжаттар салынған тері сөмке табылды.

Зардап шеккен азаматтың айтуынша, оны бұл бөлме ішінде үш тәуліктен астам уақыт заңсыз ұстап отырған. Сонымен қатар күш көрсету арқылы одан 200 мың АҚШ доллары көлемінде ақша талап еткен.

Заңсыз бостандықтан айыру және жүгенсіздік фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті азамат тұтқындалды.

Соңғы жаңалықтар