Павлодарлық балалар «Стриж» және «Секер» фильмдерінің авторларымен кездесті

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы «Орленок» және «Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерьлерінде Қазақстанның киноөнер қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер өтті, деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
None
None

Балаларға қонаққа «Стриж» фильмінің режиссері Абай Құлбаев, «Секер» фильмінің қоюшы-операторы Ренат Қосай, кинорежиссерлер Анатолий Лаптев пен Михаил Васильев келді. Олар балалардың назарына өз фильмдерін таныстырды. Көрсетілімнен кейін балалар өз ойларын ортаға салды және қонақтарға кино өнерімен байланысты кәсіптер туралы сауалдар қойды.

Балалар сондай-ақ, фильм авторларымен бірге келесі жылы жүзеге асырылуы мүмкін жобаны талқылады: «Қазақфильм» «Орленок» лагерінде балалар фильмдерінің лагераралық фестивалін ұйымдастыруды, операторлық, режиссерлік және актерлік өнер бойынша балаларға арнап шеберлік сабақтарын өткізуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар