11:32, 30 Сәуір 2011 | GMT +5
Павлодарлық белсенділерге Елбасының алғысхаты табыс етілді
ПАВЛОДАР. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев бір топ белсенділерге Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхаттарын табыс етті.

Кезектен тыс президенттік сайлаудың алдындағы насихат жұмыстарына белсенді атсалысқан штаб басшылары мен қызметкерлері, еріктілер, сенімді өкілдер мен журналистер марапатталды, деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.
«Бұл сайлау Қазақстан халқының бірлігін, қоғамымыздың Елбасының еңбегін жоғары бағалайтынын тағы да дәлелдеді. Павлодарлық сайлаушылар дауыстарының 96,68 пайызын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берді», деді Б.Сағынтаев өз сөзінде.
Облыста Елбасының алғысхатын сайлауалды науқанының ең белсенді қатысушылары - 300-ге жуық адам алды.