08:25, 13 Мамыр 2010 | GMT +5
Павлодарлық бишілер «Прага шоқжұлдызы» халықаралық балалар конкурсынан олжалы оралды
ПАВЛОДАР. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық Оқушылар сарайының «Блэйз»» эстрадалық би студиясының бишілері «Прага шоқжұлдызы: Бейбітшілік. Шығармашылық. Достық» халықаралық балалар конкурсында бірінші орынды жеңіп алды.
Чехияда өткен фестивальге жеті елдің бишілер ұжымы қатысты.
«Блэйз» студиясында 5 жас пен 17 жастың аралығындағы 100-ге жуық бала айналысады. Жоғары топтағы балалар Еуропа және ТМД елдерінде өткен халықаралық фестивальдерден бірнеше рет олжалы оралған болатын.
Прагада кіші топтың балалары қазылар алқасын тәнті етіп қайтты. «Қазыларға «Қазақ жері» деп аталатын би қатты ұнады. Ұлттық бидің стильдендірілген нұсқасы, қарсыластарымыздың қазіргі заманғы ырғаққа негізделген композицияларынан әлдеқайда ерекшеленіп тұрды», - дейді студияның көркемдік жетекшісі Любовь Корнюхина.