Павлодарлық болашақ байланысшылар «Веснет» фирмасынан жаңа оқу жабдығын алды

Колледж жыл сайын 100-ге жуық байланыс саласының маманын шығарады. Студенттер жаңа технология теорияларын оқулықтар бойынша табысты игеруде, дегенмен тәжірибелерін колледждегі әбден ескірген АТС жабдықтарында шыңдауға мәжбүр.
«Веснет» акционерлік қоғамы заманауи техниканы жақсы білетін мамандарға мұқтаж. Жаңа буынның сандық коммуникациялық жабдықтарын шығаратын фирма колледжге өз өнімін тарту етіп отыр, деп атап көрсетті фирма өкілі Төлеген Жуанышев.
«Жаңа коммуникациялық жабдықтың негізінде мамандарды дайындаудың деңгейі жоғары болады, ал колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттігі артады», - дейді колледж директоры Валерий Кабурнеев «Веснет» фирмасына алғысын жеткізе отырып.