Павлодарлық диқандар «Азық-түлік корпорациясына» астық сатуға асықпай отыр

ПАВЛОДАР.  Желтоқсанның   22-сі.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодарлық   диқандар   астықтарын  «Азық-түлік корпорациясына»  сатуға  асықпай  отыр,  деп  мәлім етті   баспасөз мәслихатында     ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Қасенов  пен  «Азық-түлік корпорациясы»  акционерлік қоғамының  Павлодар өкілдігі  директорының міндетін атқарушы   Бақыт  Құрмашева.
None
None

Олар журналистерге   шаруаларға  астықтарын  корпорацияға  өткізу мүмкіндіктері  туралы еске салуды  ұсынды,    бірақ  асығу  керектігін   жеткізді.

Биыл   павлодарлық   диқандар         рекордтық  астық   жинады.  Бірақ  қуаныштары ұзаққа созылмады  - астықтың бағасы  түсіп кетті.  Корпорацияның  жергілікті   өкілдігі  өнімдерді     өткізуге    біраз уақыт өтініштер     қабылдап  келді.

Облыс әкімі  Бақытжан  Сағынтаев  пен  Мәжіліс депутаттары    Павлодар  облысында астық сатып  алу  квотасын 50  мың тоннадан 100 мың тоннаға      жеткізуге  қол жеткізіп  отыр.  Бірақ   шаруашылықтар     бірінші сатып  алу бағдарламасы  бойынша   небәрі 4,5 мың тоннадан  астам   өткізген.

Қазіргі уақытта    екінші  бағдарлама  бойынша  сатып алу   шаралары  жүргізілуде,        павлодарлықтар  үшін   51 мың тонна квота  белгіленген.    Шаруашылықтардан желтоқсан  айының басынан бері 21  өтініш  түсіп  отыр.

Астықты өткізудің  қиындығына  және  корпорацияның   өтініштерді   кешіктіріп   қабылдауына      шағымданған     диқандар  енді неге   өздері асықпай  отыр,  деп  сұрайды  журналистер   Бауыржан Қасеновтен.   Ол өз  кезегінде,  бұл  сауалды  фермерлерге  қоюды  ұсынды.

Соңғы жаңалықтар