08:46, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Павлодарлық екі тұрғын өз үйлерінде суға батып кете жаздады
ПАВЛОДАР. 5 шілде. ҚазАқпарат - Павлодарда 15 жастағы жасөспірім мен 42 жастағы әйел өз үйлерінде суға батып кете жаздады,
деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. Толассыз жауған жаңбыр суы ауладан үйге кіріп, еденнің опырылып түсуіне алып келген. Салдарынан үй тұрғындары суға лық толған жерқоймаға құлап кеткен.
Әйел «Құрсақ қуысына соққы алу, омыртқаның мойын бөлігінің зақымдануы» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Ал жасөспірім «ағынды сулармен улану, өкпенің қабынуы» белгілермен балалар ауруханасына жатқызылды.