09:22, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Павлодарлық Инновациялық Еуразиялық университеттің ғалымдары энергия үнемдеу жобаларының конкурсында бірінші орын алды
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық Инновациялық Еуразиялық университеттің ғалымдары - техника ғылымдарының кандидаты Евгений Приходько мен магистр Ақмарал Кенжебекованың «Жоғары температуралы қондырғылардың жылу тиімділігін және үнемділігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу» жобасы
энергия үнемдеу мәселесіне арналған жобалардың ІІ республикалық конкурсында «Жас ғалымдар» аталымы бойынша бірінші орын алды, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері жылу электр стансаларының жоғары температуралы қондырғыларының жылу тиімділігі мен үнемділігін арттыруға арналған құрылғы жасауға арналған.
Өндіріске енгізілген ғалымдардың зерттеу жобасы Екібастұз жылу-электр орталығында жылу шығынын азайтуға мүмкіндік беріп отыр.