Павлодарлық «Қамқорлық» студенттік жасағы ардагерлерге қамқорлық жасауда

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында студенттер құрған «Қамқорлық» жасағы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып, ардагерлерге қамқорлық жасауда, деп хабарлады институттың баспасөз қызметі.
None
None

«Біздің жасақта 65 жас жігіттер мен қыздар бар, олар қарт адамдарға пәтерлерін жинап, кір жууға және жеке үйлердегі шаруашылық жұмыстарына көмектеседі», - деп атап өтті «Қамқорлық» жасағының командирі Аян Сейітқазин.

Жастар үшін ардагерлермен әңгімелесу маңызды, ал қарт адамдар олардың қамқорлықтарына ризашылықтарын білдіруде.

Жасақ мамырдың 9-ына дейін екі жүз соғыс ардагері мен тыл еңбеккерінің үйлерінде болады. Бұл акция мерекеден кейін де жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар