Павлодарлық қаржы полициясы тәртіп сақшысының пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

ПАВЛОДАР. 20 қазан. ҚазАқпарат - Жедел-іздестіру шараларының барысында қаржы полициясының қызметкерлері Павлодар ІІБ Оңтүстік полиция бөліміндегі қылмыстық полиция бөлімшесінің қызметкерін ұстады, деп хабарлады экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Айдап әкетілген көліктің орналасқан жерін анықтау және оны заңды иесіне қайтару үшін ол  25 мың теңге көлемінде «сыйақы» алмақшы болған.

Пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум