Павлодарлық кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына 68 жобаны ұсынды

ПАВЛОДАР. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің мәжілісінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды,
None
None

деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

«Павлодарлық кәсіпкерлерден банктерге жалпы сомасы 12 миллиард теңгеге жуық 68 өтінім түсті. 13 жоба бойынша субсидиялау туралы келісімшарттарға қол қойылып қойды. Қол қойылған тағы бес жоба кәсіпорындарды оңалтуға арналған», - деп баян етті «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының директоры Ерқанат Әбенов.

Үйлестіру кеңесі субсидиялау мәселесі бойынша тағы төрт жобаны талқылады. Атап айтқанда, «Жолқұрылыс» ЖШС асфальт бетонын өндіру және оны сатумен айналысуды жоспарласа, «Ағымбеков» жеке кәсіпкерлігі наубайхана салмақ, ал «Гидропривод» ЖШС гидравликалық жұмыстарға арналған жабдықтар сатып алуға ақша сұраса, целлюлоза-қағаз тауарларын шығарумен айналысатын «KazProject» серіктестігі өндірісті кеңейту үшін қосымша станоктар алуды жоспарлап отыр.

Таныстырылған жобалардың барлығы мақұлданды және бекіту үшін Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолданды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум