Павлодарлық «Майдан жолы» ізшілер жасағы Синявин жотасына экспедицияға аттанады

ПАВЛОДАР. 22 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-да құрылған «Майдан жолы» жасағының жауынгерлері «Еске алу вахтасы» экспедициясына қатысады, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
None
None

Ол Ленинград облысының (РФ) Синявин жотасында өтеді.

Аттанар алдында ізшілер Павлодардың эвакуациялық госпиталында майданда алған жарақаттарынан қайтыс болған Ұлы Отан соғысының 13 жауынгерінің ескерткіші жанында сенбілік өткізді. «Майдан жолы» жасағының жауынгерлері және Қазақстандық электролиз зауытында жұмыс істейтін интернационалист-жауынгерлер ескерткіш айналасын ретке келтіріп, 13 аққайың отырғызды.

«Кеңес жауынгерлері жерленген қасиетті орындарды абаттандыру енді «Майдан жолы» жасағының аттанар алдындағы дәстүрлі іс-шарасына айналмақ», - деп атап өтті оның командирі Александр Шитов. - Жақында біз Синявин жотасына тағы аттанамыз. Бұл Еуразия ұлттық университетінің профессоры, біздің тәлімгеріміз Майдан Құсайынов басқарған ізшілік қызметтің 25 жылдығына арналған мерейтойлық экспедиция. Біздің жасақ онымен 2009 жылдан бері ынтымақтасып келеді. Профессор бізге Ленинград қорғанысында 314-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрыстарға қатысқан біздің жерлестеріміз жөнінде шынайы ақпараттар жинауға көмектесті. Майдан Құсайыновтың жасағы Харьков түбінде қаза тапқан 106-шы қазақ атты әскерлер дивизиясының құрамында соғысқан 73 павлодарлық жауынгердің аты-жөнін анықтады».

Соңғы жаңалықтар