Павлодарлық мектеп оқушысы математикадан екі халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. Қазақпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Павлодарлық мектеп оқушысы Егор Клочков ХХІ Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы мен VIII «Жібек жолы» математикалық олимпиадасының жеңімпазы атанды.
None
None
Ол шешілген есептер бойынша барлығынан жоғары балл жинады. Бұл туралы бүгін Алматыда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Олимпиада жүлдегерлерінің арасында Павлодардан, Оралдан, Шымкенттен, Алматыдан оқушылар бар. Шараны Әл-фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасына 38 ел қатысты, олардың арасында Аргентина, Австралия, Канада, Колумбия, Эквадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Катар, Ресей, Сингапур, Тайвань, Тайланд, АҚШ, Оңтүстік Африка, Түркия, Уругвай бар. «Жібек жолы» халықаралық матемематикалық олимпиадасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және басқа елдер қатысты. Қазылар алқасының төрағасы, Еуразия университетінің доценті Ержан Байсаловтың айтуынша, халықаралық математикалық олимпиадалар қашықтан өткізіледі, бұл осы беделді жарыстарға қатысушыларды көптеп тартуға мүмкіндік береді. Биылғы жылы оларға Қазақстанның барлық аймақтарынан 118 мектеп оқушысы қатысты.
Соңғы жаңалықтар