07:37, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Павлодарлық мектеп оқушысы мен Ақсу колледжінің студенті - Түркияда өткен V Халықаралық білім олимпиадасының жүлдегерлері
ПАВЛОДАР. 14 қараша. ҚазАқпарат - Павлодарлық қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Саида Мамыраева мен Жаяу Мұса атындағы колледждің екінші курс студенті Сәлия Бұрымбаева өткен аптаның аяғында түркиялық Анталия қаласында өткен V Халықаралық білім олимпиадасының жүлдегерлері атанды.
Мектеп оқушылары мен колледжде білім алушылардың зияткерлік сайысы - Анталия муниципалитетінің қолдауымен өткен EDUANT білім беру орталығының жобасы.
Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь және Түркиядан жиналған балалар математика, герграфия, ағылшын және түрік тілдерін білуден жарысты.
С. Мамыраева география пәнінен бірінші орын, орыс және түрік тілдерінен екінші және үшінші орындарды еншіледі. С.Бұрымбаева болса орыс тілінен күштілердің үштігіне кірді.