Павлодарлық «нұротандықтар» Ашық есік күнін өткізді

АВЛОДАР. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық «нұротандықтар» Ашық есік күнін өткізді.
None
None

«Нұротандықтар» алғашқы съездің құрметіне, дәстүр бойынша наурыздың 1-інде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

«Адамдар кездескісі келетін облыстық және қалалық басқармалардың басшыларын шақырдық», - дейді партия филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Нұркина.

Ең көп сауал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шенеуніктеріне қойылды - қала тұрғындарын тесік шатырлардың, судан арылмай қойған жертөлелердің, су мен жылудың проблемалары толғандырып отыр. Көптеген павлодарлықтар үшін баспана мәселесі де өткір. Коммуналдық және жалға берілетін баспанаға кезек тым баяу жылжуда. Шенеуніктермен кездесуге келгендердің арасында - алданып қалып, жалақыларын ала алмай жүрген жұмысшылар қаншама.

Ашық есік күнгі кездесуге 80-нен астам павлодарлық келді, бұл былтырғыдан әлдеқайда көп. Өз сауалдарынан бірінші тұлғалардан жауап алуға мүмкіндік беріп отырған партиялықтарға халықтың сенімі артып келеді.

Соңғы жаңалықтар