09:04, 02 Сәуір 2010 | GMT +5
Павлодарлық нұротандықтар мен қоғамдық бірлестік мүшелері бұқаралық сенбілік күнін белгіледі
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық нұротандықтар мен «Павлодар - ортақ үйіміз» қоғамдық бірлестігі қала тұрғындарына үндеу тастап,
оларды облыс орталығын санитарлық тазалауға және абаттандыруға атсалысуға шақырды.
Олар халықты сәуірдің 24-інде өтетін сенбілікке белсенді атсалысуға және апта сайын «тазалық жұмасын» өткізу туралы игі дәстүрді жалғастыруға шақырды. Туған қаласын жақсы кқретіндердің бәрі оның гүлденуіне өз үлестерін қосулары керек, деп санайды сенбілік бастамашылары.