Павлодарлық нұротандықтар соғыс және еңбек ардагерлеріне мерекелік қабылдау ұйымдастырды

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодарлық нұротандықтар Қарт адамдар күні қарсаңында Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұаражайында соғыс және еңбек ардагерлеріне мерекелік қабылдау ұйымдастырды.
None
None

Сыйлы қонақтарға арналып дастархан жайылып, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Нұркина өзінің жүрекжарды тілектерін жеткізіп, сыйлықтарын табыс етті.

«Ардагерлер алдында «Шаңырақ» халық шығармашылығы үйінің әншілері мен музыканттары өз өнерлерін көрсетті», деп хабарлады мұражай директоры Роза Ығыбаева. - Әртістермен қоса, танымал әндерді біздің қонақтар да қосылып айтты. Біз олармен жақсы қарым-қатынастамыз, олардың көбі мұражай кеңесіне енген, кеңес беріп, іспен де көмектесіп, тәжірибе бөлісіп тұрады. Кездесу өте жылы өтті».

Мұражай ісінің ардагерлері Эрнест Соколкин мен мұсылман-әйелдері лигасының белсендісі Қайынжамал Тұяқова осы іс-шараны ұйымдастырған нұротандықтарға өздерінің шынайы алғыстарын жеткізді.

Сонымен қатар, бүгін «Космос» жастар үйінде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының атынан 200 ардагер үшін мерекелік концерт ұйымдастырылады. Олардың әрқайсысына сыйлықтар дайын, сондай-ақ партияның Павлодар облыстық филиалының атынан қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген қарттарға алғыс хаттар табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар