Павлодарлық оқушылар «Үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды

ПАВЛОДАР. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы оқушыларының олимпиадалық командасы тағы да «Қазақстанның үздік олимпиадалық командасы» атағына ие болып, І дәрежелі дипломмен марапатталды,
None
None

деп хабарлады білім басқармасынан.

19 сәуірде Қостанайда аяқталған республикалық білім олимпиадасының қорытынды жарысына республиканың түкпір-түкпірінен келген оқушылар қатысты.

Павлодар командасының атынан 49 оқушы өнер көрсетті. Олар Білім жарысының қорытындысы бойынша 27 медаль, атап айтқанда: 7 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. №8 мектеп-лицейдің 11 сыныбының екі оқушысына білім гранттары тағайындалды. Қайролла Жақыпов - Қазақ-Британ Техникалық университетінің грантына ие болса, Артем Клеван - Жоғары технологиялар халықаралық институтының грантына ие болды. Павлодардың тағы жеті оқушысы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Оқушылардың сапалы дайындығы мен жоғары нәтижелері үшін Дарынды балаларға арналған №3 гимназия «Үздік олимпиадалық мектеп» атағына ие болды. Қостанайдан оралатын жеңімпаздар бүгін кешке Павлодар теміржолында салтанатпен күтіп алынады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум