Павлодарлық орман шаруашылықтарында браконьерлер 14 қылқан жапырақты ағашты кесті

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жаңа  жыл қарсаңында     10 қарағай    және 4 жас шырша ағаштары  браконьерлердің   құрбаны болды, 
None
None

деп  хабарлады    Павлодар облыстық  ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен.

Павлодарское  селосының    учаскелік  инспекторы мен орманшы   Жаңа ауыл  орман шаруашылығының   аумағын  аралау   кезінде жаңа кесілген    10 қарағай ағашының  түбірінің  үстінен  түседі.   Шананың  ізімен     олар  Павлодарское селосының  тұрғындарының бірінің  үйіне  шығады және   кесілген    қылқан жапырақты   ағаштарды     сол  жерден табады.    Қазір сараптама   жұмыстары   жүргізілуде,  соның  нәтижесі  бойынша   шешім қабылданады.

Полиция    қызметкерлері,   сондай-ақ  Маралды  орман шаруашылығында  төрт шыршаны кескен   екі азаматты   ұстады.        Шыршалардың  құны  77 мың теңгеге бағаланып,  ҚР Қылмыстық кодексінің  175-ші бабы бойынша  қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар