07:57, 16 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Павлодарлық пединституттың студенттері банктер өкілдерімен кездесті
ВЛОДАР. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Қаржы орталығы» АҚ және «Халық банкі», «БТА», «Альянс» және «Ресей жинақ банкі» менеджерлері Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттерімен кездесуге келді, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Оқуға өз бетімен қаражат табуға бел буған жастар арасында кеңінен танымал білім несиелері талқыланды.
«Егер қажет сома болмаса, арнайы жеңілдікті бағдарламамен несие алуға болады», - деп хабарлады «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Тілеш Ыбыраев.
Несиені мемлекет кепілдігімен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағынышты ұйымы «Қаржы орталығы» АҚ береді. Бағдарлама қарызды жоғары оқу орнын бітіріп, еңбекке орналасқан кезде, өзі табыс табатын жағдайға жеткенде өтеуге мүмкіндік береді.
Банк менеджерлері студенттерге несиелеу шарттарын түсіндіріп, олардың барлық сұрақтарына жауап қайтарды.