Павлодарлық полицейлер 15 жасар қызды «ұрлау» туралы істің басын ашты

ПАВЛОДАР. 17 сәуір. ҚАЗАҚПАРАТ - 13 сәуір күні Павлодар тұрғыны өзінің 15 жасар қызының ұрланғаны туралы полицияға арызданды, деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Полиция заңсыз бас бостандығынан айыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүргізілген шұғыл іздестіру іс-шаралары қыз бала ата-анасының алдында ақталу үшін ұрлау туралы оқиғаны ойдан шығарды деп тапты. Шын мәнінде ол өз еркімен досымен кездесіп, өзі өтініш білдіріп жалдаған пәтерде түні бойы бірге болған.

Қыздың қалауынша жігіт арақ және жеңіл тамақ сатып алған. Қыз екі стақан ішімдік ішкен, қыздың келісімімен жігіт онымен жыныстық қатынасқа түскен. Таңертең қыз таксимен үйіне кеткен.

Бүгінгі күнге дейін олар үнемі телефон арқылы сөйлесіп, хат жазысып тұрған.

Қылмыс құрамының болмауына байланысты аталған қылмыстық іс бойынша жұмыс тоқтатылады, деп хабарлады полицейлер.

Алайда, осы қыздың анасының 2012 жылдың қазанында қызының зорланғандығы туралы екінші өтініші бойынша ҚР ҚК 120-бабы 3 бөлімімен қылмыстық іс тергелуде. Қажетті сараптамалар, қылмыстың жасалуына қатысты тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және шұғыл іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Полицейлер жәбірленушінің Николай есімді жігітпен кездесіп жүргенін және жыныстық қатынаста болғанын анықтады. Қазіргі уақытта нәтижесінде осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын молекулалық-генетикалық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар