Павлодарлық полицейлер астыртын ойынхананы жапты

ПАВЛОДАР. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық полицейлер астыртын жұмыс істеп келген ойынхананы жапты,
None
None

деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

«Ойын бизнесі туралы» заңнаманы бұзып, жұмыс істеп келген ойынханада жүргізілген операция кезінде құмар ойынын ойнап отырған 20 адам ұсталды. Крупьелердің бірінен карталар мен фишкалар, заңсыз ойыннан түскен ақша тәркіленді.

Ойынхана қожайыны мен құмаршылардың үстерінен әкімшілік істер қозғалды.

Соңғы жаңалықтар