Павлодарлық полицейлер «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында контрабанда мен есірткі сатудың 5 фактісін анықтады

ПАВЛОДАР. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 3-7 желтоқсан аралығында өткен «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының барысында полиция қызметкерлері контрабанданың - 3  және есірткі сауласының 2 фактісін анықтады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Орлытөбе» кеден бекетінде есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі арнайы бөлімшенің қызметкерлері «Өскемен-Тобыл» бағытымен рейстік автобуста келе жатқан Өскемен қаласының бұрын-соңды істі болмаған 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Ресейге жұмысқа бара жатқан. Оны тінту кезінде сырт киімінің  қалтасынан қағаз пакет табылды. Мамандардың қорытындысы бойынша, алынған зат салмағы 5 граммнан асатын марихуана. Қылмыстық іс қозғалды, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. 

Келесі күні бұған дейін істі болмаған 22 жастағы павлодарлықтың басқаруындағы «ВАЗ 2115» көлігі ұсталды. Ол өзінің жеке шаруалары бойынша Омбыға бара жатқан. Оны тінту кезінде іш киімінің ішінен 3 граммнан асатын гашиш анықталып, тәркіленді.

Өңірде аз мөлшердегі есірткі заттарын сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 5 адам тартылды.

Соңғы жаңалықтар