Павлодарлық полицейлер кәсіпкердің пәтерін тонаған күдіктілерді ұстады
ҚазАқпарат бұрын хабарлағанындай, 9 қараша күні күндіз екі ер адам оның пәтеріне алдап кіріп кеткен. Зайыбы мен 17 жастағы қызын байлап, зорлық көрсетеміз деп қорқытып, 11 млн. астам теңге сомасындағы ақша мен алтын бұйымдарын алып кеткен.
Полицейлер көп ұзамай қарақшылық шабуыл жасауда күдікті деп танылған бұрын адам өлтіргені, қарақшылық пен өктемдігі үшін сотталған 1977 жылғы ер адамды ұстады. 1973 жылғы екінші күдікті Екібастұзда, қылмыстың үшінші қатысушысы - бұрын ұрлық жасағаны үшін екі рет сотталған 30 жастағы азамат Достық ауылында ұсталды.
Ұсталған азаматтың көлігін тексеру кезінде оның ішінен 500 мың теңге, сары металдан жасалған крест түріндегі алтын алқа тәркіленді. Дактилоскопиялық зерттеу кезінде тәркіленген ақша белгілерінде жәбірленушінің саусақтарының іздері анықталды.
Басқа күдіктінің ата-анасының үйінде кейіннен жәбірленуші таныған алтын бұйымдар тәркіленді.
Тергеу күдіктілердің бұл қылмысқа бір апта бойы дайындалғанын анықтады.
Ұсталған азаматтарға айыптар тағылды. Екеуі сот санкциясымен қамауға алынды, үшінші азамат ешқайда кетпеу жөнінде қолхат толтырды.