Павлодарлық прокуратура кәсіпкерлерге қатысты заң бұзушылықтың 500 фактісін анықтады

ПАВЛОДАР. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Шағын және орта бизнес нысандарын тексеру барысында  төтенше жағдай, санитарлық-эпидемиологиялық стансы, Ауыл шаруашылығы министрлігі, фармбақылау және Ертіс экология департаменті сынды қадағалау органдары заң бұзушылық 500 фактіні анықтады, деп хабарланды Павлодар облысының прокуратурасынан.
None
None

365 жекеменшік кәсіпкерлік субьектісінің жұмысын тоқтату мәселесі шешілуде.

Бизнесмендерді шенеуніктердің негізсіз тексерулерінен қорғау мақсатында Павлодар облысы бойынша құқықтық статистика комитетінің басқармасы өңірдің прокуратурасымен бірлесе «Көмек» жобасын жүзеге асыруда. Кәсіпкер құқықбұзушылық фактісі туралы 921 нөміріне ұялы телефоннан хат жіберу арқылы хабарлай алады.

Қалалар мен аудандар прокуратураларында мобильді топтар жұмыстарын жалғастыруда.          

Соңғы жаңалықтар