Павлодарлық шенеунік жалған құжат жасағаны үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырылды
Шенеунік ҚР ҚК-нің 3-бөлімінің 24-ші және 190-баб, 1-бөлімінің 369-бабы, 2 тармағы бойынша - мемлекеттік қызмет атқаратын өкілетті тұлға жасаған алаяқтық, қызметтік жалған құжат жасау, яғни, мемлекеттік қызмет атқаратын өкілетті тұлғаның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәіметтер беруі, өзінің бас пайдасы мақсатында көрінеу жалған құжат беру бойынша қылмыс жасауға айыпталды.
Іс материалдарынан анықталғандай, Павлодар қаласында тұратын әйел өз пәтерін қайта жоспарлауды ұйғарып, өкілетті мемлекеттік органдардан тиісті рұқсат беру құжаттарын алмақ болды.
Ол құжаттарды рәсімдеу үшін танысы Е.-ге өзінің мүддесі үшін нотариалдық сенімхат жасауға ұсынды.
Сәулет және қала салу бөлімінде азамат Е-ге шенеунік 25 мың теңгеге қысқа мерзімде қайта жоспарлау құжаттарын әзірлеп, рәсімдеуді ұсынды.
Айыпталушы өзі «Бөлмені қайта жоспарлау туралы» жалған бұйрық шығарып, бөлімнің мөрімен куәландырды.
Сәуір айының соңында маман Е.-ге көрінеу жалған мәліметтер жазылған құжатты ұсынды, ал ол оған 25 мың теңге берді. Ақшаны алғаннан кейін шенеунікті Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері ұстады.
Сот Т.-ны айыпты деп танып, мүлкін тәркілемей үш жылға бас бостандығынан шектеуге және өмір бойы мемлекеттік қызмет органдарында лауазым атқару құқығынан айыруға жаза тағайындады.