13:10, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Павлодарлық симфония оркестрі музыка маусымын аяқтады
ПАВЛОДАР. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – Павлодар симфония оркестрі музыка маусымын жапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қоштасу бағдарламасында дирижер Болат Рақымжанов пен сазгерлер ұжымы Ян Сибелиустың оркестрімен бірлесіп скрипкаға арналған концертті ұсынды. Фин композиторының үздік классикалық шығармаларының бірі Павлодарда орындалуы соңғы жылдары Филадельфияда (АҚШ) жұмыс істейтін, Қазақстанның тумасы, тамаша скрипкашы-виртуоз Владимир Денің келуімен байланысты болды. Майталман музыкант Петр Чайковскийдің және Сергей Рахманиновтың лирикалық шығармаларын жеке және оркестрге қосылып орындады. Тыңдаушылар болса оркестрмен күзге дейін қимай қоштасты.