Павлодарлық соғыс ардагерлеріне ордендер мен медальдар берілді

ПАВЛОДАР. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерекесіне байланысты мемлекет алдында істеген еңбектері үшін жұма, мамырдың 7-сі күні Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.
None
None

«Құрмет» орденін Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Щарбақты, Қашыр аудандарының 5 соғыс ардагері алды.

«Ерен еңбегі үшін» медалін үш соғыс ардагері мен тыл еңбеккері алса, Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарын 7 соғыс ардагері алды.

Аймақ басшысы берілген марапаттар - Қазақстанның бейбіт өмірдегі еңбегі мен ерліктері үшін айтқан алғыстары мен құрметтері екенін айта келіп, марапатталғандары құттықтады.

Майдангерлер мен тыл еңбеккерлері үшін қалалық Мәдениет үйінде қаланың ең тамаша шығармашылық ұжымдарының концерттері қойылды.

Соңғы жаңалықтар