10:02, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Павлодарлық судьялар жаңа жағдайдағы жұмысқа дайындалуда
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Азаматтық-процессуалдық кодекстерге сот жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының қаңтардың 1-інен бастап күшіне енуіне байланысты туындайтын негізгі міндеттер Павлодар облысы сотында талқыланды.

Кеңеске күш-қуат құрылымдары мен прокуратураның қызметкерлері қатысты, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Заң бойынша қылмыстық істер бойынша жаңа мамандандырылған ауданаралық соттар құрылып отыр, бірінші инстанциядағы сот болып табылатын олардың құзырына аса ауыр қылмыстар туралы істерді де қарау жатқызылған. Павлодарда да мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот ашылуда.
Кеңеске қатысушылар аппеляциялық және кассациялық рет бойынша сот қаулыларына шағым-арыз берудің және наразылық келтірудің, істердің қаралуының жаңа ретімен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерімен танысты.