Павлодарлық тауар өндірушілер ірі кәсіпорындармен меморандумға отырды
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы павлодарлық «Машина жасау зауыты», «Қазэнергокабель», «Құрышмонтаж» сияқты кәсіпорындармен белсенді ынтымақтастықта. «Format Mach Comhany» серіктестігінде теміржолшылар үшін жаңа өнім - марганецті құйма өнімі игеріліп жатыр. Ал «KSP steel» компаниясының павлодарлық филиалында, «Қазақстан темір жолымен» арадағы келісімге сәйкес, рельсті-аралықтың өндірісі қолға алынуда, жаңа өндіріс 2012 жылы іске қосылады. Осы жерде доңғалақ жұптары үшін вагон осьтері шығарылатын болады.
«Қазақмыс» корпорациясы да Павлодар кәсіпорындарына қолдау көрсетуде. Компания басшылығы «Қазэнергокабель» акционерлік қоғамының алюминий созбасым өндірісін қаржыландыру туралы шешім қабылдап отыр. Корпорация сондай-ақ, «Ритам-Павлодар» кәсіпорнынан өнеркәсіптік желдеткіштер, калориферлер мен транспортерлер өндірісін ұйымдастыруға заем бөлуде. «Қазақмыс» сонымен бірге, «Format Mach Company» фирмасының конвейерлер құрастыру жөніндегі жобасын да қаржыландырады.